auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Вуэльтадан" мотивация алған Луценко "Алматы турында" топ жаруға бекініп отыр - Александр Винокуров

"Вуэльтадан" мотивация алған Луценко "Алматы турында" топ жаруға бекініп отыр - Александр Винокуров
Александр Винокуров. Vesti.kz©
"Алматы турында" "Астананың" екі капитаны болады - Алексей Луценко мен Якоб Фульсанг. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық команданың бас менеджері Александр Винокуров айтты. Мұнымен қатар, Олимпиада чемпионы лидерлердің дайындық күйін және мәресі Медеуде орналасқан кезеңнің кімге сай келетінін айтып берді.

- Александр, биыл "Алматы туры" алғаш рет екі күн бойы өтеді, бұл жайлы талай айтылды. Қос кезеңнің маршрутына берер бағаңыз қандай? Екінші кезеңнің мәресі Медеуде орналасуын есепке алсақ, бұл жарыста таулықтар ғана емес, өзге жолдарда жарысуға машықтанған велошабандоздардың ашылуға мүмкіндігі бола ма?  

- Жарыс осымен бесінші рет өтеді. Алғаш рет екі күн бойы өтетіні қуантады, бұрыннан осылай болса деп едік. Енді "Алматы туры" көпкүндік жарыс саналады. Екі күннің де маршруты түрлі жолдарда жарысуға маманданған спортшылардың барлығына да мүмкіндік береді деп есептеймін. Бірінші кезеңде жазық жерде жарысатын спринтерлерге алға шығуға мүмкіндігі бар, ал екінші кезеңнің Медеуге баратын жолы бірінші кезекте көрікті жерлерімізді көрсетеді. Таулықтар суырылып алға шыға алады. Негізінде өткен жылғы маршрут та оңай болды деп айта алмаймын.



- "Алматы турында" "Астана" командасының атынан екі бірдей мықты таулық шығады - болашағынан үміт күттіретін Алексей Луценко мен Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Якоб Фульсанг. Капитан қалай таңдалады? Луценко жарыстың төрт дүркін чемпионы болуы мүмкін, сондықтан дәл осы спортшыға ерекше көңіл аударыла ма?

- Алексей қазіргі уақытта жақсы күйде. Меніңше, Якобқа оған жету қиынға соғады. Қандай жағдай болса да, олар екі капитан ретінде қатысады. Өз басым Алексей жеңеді деп ойлаймын. Ол Медеуді біледі, әрбір бұрылысын жаттап алған. Жеңіске жету оңайырақ болады. Өзге командадан спортшылар да бірінші келіп, жеңісті жұлып әкетуі мүмкін. Болжау қиын. Алексейдің бонусы - бұл тауға шығу жолын білуі, қайда демалып, қайда шабуыл жасауды біледі.

- Луценконың әлем чемпионатындағы нәтижесін қалай бағалайсыз? "Алматы туры" қарсаңында оның күйі жақсы дей аламыз ба?

- Алексейдің дайындық күйі жақсы. Бұл оның осы маусымдағы соңғы старты. Жеңіске жетуге бекініп отыр деп ойлаймын. Әлем чемпионатында Алексей өзіне берілген тапсырманы 100 пайызға орындап шықты, командасы оған көмектесті. Ол шабуылдап, жеңіс үшін соңына дейін күресті. Жарыс кезінде алдағы позицияларға таласумен болды. "Вуэлта" кезеңіндегі жеңісі оған мотивация берді. Осындай спортшы дамып жатқаны қуантады. Келесі жылы Алексей көктемгі классикаларда сол Петер Саганмен (әлем чемпионатының жеңімпазы - Авт.) жарыса алады. Әлем біріншілігіндегі жарысына тамаша деген баға беремін. Одан өңшең атақты жұлдыздар ғана озды. Тоғызыншы орын - абыройлы нәтиже.



- Ал Фульсангтың қазіргі дайындық күйі қандай, тамызда құлағаннан кейін қалпына қалай келді?

- Меніңше, Фульсанг әлі үздік формасында емес, оны Канададағы жарыста көрдік. Жүлделі орындарға таласпайды деуге де болмайды. Якоб маусымның соңына дайындалып отыр. Сосын ол "Ломбардия турына" қатысады. Алексей екеуі мінберге шығуға таласады деп ойлаймын. Ал Якобтың қолынан келмесе, ол Алексейге көмектеседі.

- "Алматы турының" кезеңдері болашақта көбейе түсуі мүмкін бе? 

- Неге көбеймеске? Ірі жарыс ұйымдастыруға талпыну қажет, екі күн емес, төрт - бес, "Дубай туры" жарысындағыдай. Меніңше, UCI кестесіне кірсе, мүмкіндік бар, бірақ бұл оңай шаруа емес. Десе де бұл - біздің арман, оған жету жолында еңбек ету керек. Оған қоса тур аясында біркүндік екі жарыс жасау да ойда бар. Осы уақытқа UCI кестесіне кірсе, әлем чемпионаты мен "Ломбардия туры" қарсаңындағы кезең, әлем велоспортының барлық жұлдызын көрер едік. Әлем чемпионатының өтетін күндері өзгереді, мәселен, велошабандоздар қазақстандық жарыстарға әлем біріншілігіне дайындық ретінде қатыса алады. Тіпті "Джиро д'Италия" да Астанада немесе Алматыда басталуы мүмкін. Келесі жылы бұл жарыс Иерусалимде өтеді. Әлем чемпионатында "Джиро" ұйымастырушыларымен кездескенім бар. "Бұл Қазақстанда да өткізуге болады деген сөз" дедім. Олар бұған ешқандай да кедергі көріп тұрмағанын айтты. Күлдік. Бұл талқыланып жатқан мәселе. "Джиро д'Италия" мамырда Аматыда басталса, жаман емес.



"Алматы туры" әсері жағынан "Тур де Франстан" кем түспейді, ал Медеудегі мәре маған лайық - Луценко

Еске салайық, биыл мерейтойлық, бесінші тур тұңғыш рет екі күн бойы өтеді - 30 қыркүйек және 1 қазан. 29 қыркүйекте Республика Сарайының алаңында қатысушы командалардың таныстырылымы өтеді. Веложарыссүйер қауымға спортшылармен бірге әуесқой жарыстар, конкурстар және ұтыстар ойнатылады - бұл шаралар 28 қыркүйекте өтеді. Луценкомен қатар, жарысқа "Астана" құрамында әлем велоспортының жұлдызы - Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері дат Якоб Фульсанг қатысады. Қазақстандық команданың үздіктерімен бірге әуесқой спринтерлік жарысқа қатысу мүмкіндігін өткізіп алмаңыздар, толығырақ мына жерден оқуға болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама