Велоспорт
26 қыркүйек 19:34

Велоспорттан әлем чемпионатында қазақстандықтар мәреге де жете алмады

©ҚР ҰОК

Кигалида (Руанда) өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан әлем чемпионатында U23 санатындағы қыздар арасындағы топтық жарыс аяқталды.

Спортшыларға 119,3 шақырымдық қашықтықты бағындыру қажет болды. Франция өкілі Селия Жери жарысты бірінші болып аяқтады.

Күміс жүлдені Словакия спортшысы Виктория Чладонова иеленсе, қола жүлде Испания атлеті Паула Бласиға бұйырды.

Қазақстан құрамасы атынан екі спортшы сынға түсті. Алайда Виолетта Казакова мен Елизавета Склярова қашықтықты аяқтай алмады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport