"Тур де Франс 2022" көпкүндігіне "Астанадан" кімдер қатысатыны белгілі болды

© Gettysport

"Астана" велокомандасы "Тур де Франс 2022" көпкүндігіне қатысатын спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Әлем көз тігетін велокөпкүндікте қазақстандық команданың сегіз спортшысы өнер көрсетеді. 

Команда құрамы: Самуэле Баттистелла (Италия), Фабио Феллине (Италия), Дмитрий Груздев (Қазақстан), Джо Домбровски (АҚШ), Алексей Луценко (Қазақстан), Джанни Москон (Италия), Симоне Веласко (Италия), Андрей Зейц (Қазақстан).

Сайыстағы спорт директорлары: Александр Шефер (Қазақстан), Бруно Ченьялта (Италия), Стефано Занини (Италия).

Биыл "Тур де Франс" 1 және 24 шілде аралығында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар