Велоспорт
9 қазан 13:39

Тректегі велоспорттан әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамы жарияланды

©olympic.kz

Тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Сантьяго (Чили) қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын ерлер құрамын жариялады.

Құрамда жеті спортшы бар. Жүлде үшін төмендегі атлеттер бақ сынайды:

- Рамис Дінмұхаметов

- Дмитрий Носков

- Әлішер Жұмақан

- Илья Карабутов

- Кирилл Курдиди

- Рамазан Мұхтар

- Данияр Шаяхметов

Әлем чемпионаты 22–26 қазан аралығында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport