Тректегі әлем чемпионаты басталды. Жарысқа қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі

©olympic.kz

Бүгін Францияның Рубе қаласында тректегі велоспорттан әлем чемпионаты басталды. Дүбірлі сынға Қазақстан командасы да қатысады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Франция жерінде Қазақстан атынан төмендегі спортшылар сынға түседі:

Спринт: Сергей Пономарев, Андрей Чугай, Дмитрий Резанов; 

Темп: Артем Захаров, Әлішер Жұмақан, Рамис Дінмұхамедов, Дмитрий Потапенко, Дмитрий Юсифов. 

Тректегі велоспорттан әлем чемпионаты алғашында Ашхабадта өтуі тиіс болатын. Алайда, Түркменстандағы карантин шараларына байланысты чемпионат Францияның Рубе қаласына ауыстырылды. 

Әлем біріншілігі 24 қазанда мәресіне жетеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар