Колумбияда велоспорттан әлем чемпионын атып кетті

©instagram.com/jaime_restrepoo/

Колумбиялық велоспортшы Хайме Альберто Рестрепо оқыс оқиғадан кейін қайтыс болды, деп жазады El Tiempo порталы. 

Антьокия (Колумбия) аймағы полиция департаментінің ақпараты бойынша, 23 мамыр күні кешқұрым Рестрепоның жанына мотоцикл мінген екі адам келген. Оның бірі велспортшыны бірнеше мәрте атып кеткен. Салдарынан Рестрепо қайтыс болды. 

Қазіргі уақытта полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде. Оқ атқан адамның бірі ұсталған. Одан тапанша да табылған. 

Айта кетейік, Рестрепо жастар арасында командалық жарыста әлем чемпионы атанған. Оның соңғы командасы румыниялық Team Novak болған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар