Велоспорт
Бүгін 20:11

Қазақстандық велотрекші Словакиядағы турнирде екінші орын алды

©ҚР ҰОК

Қазақстандық Әлішер Жұмақан Прешов қаласында (Словакия) өткен тректегі велоспорттан Гран-при сериясының турнирінде күміс жүлдегер атанды.

Ұлттық құраманың өкілі «скрэтч» дисциплинасында екінші нәтиже көрсетті.

Бірінші орынды Польша спортшысы Дамиан Славэк иеленсе, түркиялық Мұстафа Таракчи мәре сызығын үшінші болып кесті.

Айта кетейік, Жұмақан биыл Гонконгта өткен Әлем кубогы кезеңінде омниум сайысында тоғызыншы орын алған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport