Велоспорт
Бүгін 16:05

Қазақстандық велоспортшы Азия чемпионатында жүлде жеңіп алды

©ҚР ҰОК

Тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасының спортшысы Кирилл Курдиди Малайзияда өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Спортшы гит сайысында қола медаль жеңіп алды. Ол 1000 метр қашықтықты 1 минут 0,666 секундта жүріп өтті. Жарыста жапондық Рюто Итида жеңіске жетсе, күміс жүлдені қытайлық Ци Лю иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында командалық жарыста үшінші орын алған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport