Қазақстандық велоспортшы әлем чемпионы атанды

©Gettysport

Евгений Федоров 23 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатының топтық жарысында алтын жүлде еншіледі, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Astana Qazaqstan Team командасының велошабандозы жастар арасында әлем чемпионы атанды.

Ол 169,8 шақырым қашықтықты өзгелерден бұрын бағындырды. Екінші орынды чехиялық Матиас Вачек иеленсе, қола медаль норвегиялық Сорен Варенскольдқа бұйырды.

Еске салайық, 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионаты Аустралияда өтіп жатыр. Жарыс 25 қыркүйекке дейін жалғасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар