Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко "Тур Де Франс" супер онкүндігін үздік ондықтың қатарында аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жарыс қорытындысы бойынша ол бас жіктеуде тоғызыншы орынды иеленді. Оның нәтижесі Astana Qazaqstan Team командасында үздік болып есептеледі.
Жеңісті Йонас Вингегор (Jumbo - Visma) жеңіп алды. Тадей Погачар (UAE Team Emirates) екінші болды. Үшінші орын Томас Джерантқа (INEOS Grenadiers) бұйырды.
Андрей Зейц 39-шы нәтижені көрсетті, Дмитрий Груздев - 114-ші.