Велоспорт
Бүгін 10:27

Қазақстан велотректен Азия чемпионатында үш жүлде жеңіп алды

©ҚР ҰОК

Қазақстанның велотрек құрамасы Филиппиннің Тайгатай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы өнерін жалғастыруда.

Жарыс аясында ұлттық құрама үш жүлде еншіледі.

Әйелдер арасындағы жеке қуу жарысында Рината Сұлтанова қола жүлдеге ие болды.

Әлішер Жұмақанов ұпай бойынша топтық жарыста екінші нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ, Рамис Дінмұхаметов пен Илья Карабутов жүлдегерлер қатарынан көрінді. Спортшылар мэдисон сайысында күміс жеңіп алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport