Велоспорт
26 наурыз 10:13

Қазақстан тректегі велоспорттан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

©olympic.kz

Тагайтайда (Филиппин) тректегі велоспорттан Азия чемпионаты басталды. Құрлықтық турнирде Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Отандастарымыз жасөспірім қыздар арасындағы командалық із кесу жарысында алтын медаль иеленді.

Жеңіс тұғырының ең биік сатысына Әнел Тәшбай, Аружан Қабдулова, Виталина Хоружая, Әлия Букаева және Әйгерім Смайлканова көтерілді.

Екінші орынды Тайбэй құрамасы иеленсе, үздік үштікті Өзбекстан құрамасы түйіндеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport