Қазақстан спортшысы "Тур де Франс" кезеңінде бірінші келді

Алексей Луценко. Сурет: Getty Images©
"Астана" велошабандозы Алексей Луценко беделді "Тур де Франс" көпкүндік жарысының алтыншы кезеңінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спортшылар Ле-Тейден Мон-Эгуальға дейін 191 шақырым қашықтықты еңсерді. Луценко 4 сағат, 32 минут және 34 секунд нәтижесімен бірінші келді. Бұл қазақстандықтың "Тур де Франстағы" алғашқы жетістігі.

Екінші болып испаниялық Хесус Херрада, ал үшінші - бельгиялық спортшы Грег ван Авермат (CCC Team) ақтық мәреден өтті.

"Астана" велошабандозы Алексей Луценко беделді "Тур де Франс" көпкүндік жарысының алтыншы кезеңінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Пелотон Ле-Тейден Мон-Эгуалға дейін 191 шақырым қашықтықты еңсерді. Луценко 4 сағат, 32 минут және 34 секунд нәтижесімен бірінші келді. Бұл қазақстандықтың "Тур де Франстағы" алғашқы жетістігі.

Екінші болып испаниялық Хесус Херрада, ал үшінші - бельгиялық спортшы Грег ван Авермат (CCC Team) ақтық мәреден өтті.



"Астана" капитаны Мигель Анхель Лопес 25-орын иеленді.
Метки:
Жаңалықтар