Astana Qazaqstan Team капитаны Алексей Луценко "Тур де Франстың" таудағы 11-ші кезеңін сегізінші болып аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл жарыста жеңімпаз Jumbo-Visma өкілі Йонас Вингегор болды. Альбервильден Коль-дю-Гранонға дейінгі 151,7 шақырымды ол 4 сағат, 18 минут және 2 секундта өтті. Екінші орын Arkea-Samsic командасындағы Наиро Кинтанада (+00:59), үшінші DSM командасындағы Ромен Барде (+1:10) . Луценко жеңімпаздан 3 минут және 38 секундқа қалды.
Осы көрсеткіші арқасында Қазақстан құрамасының капитаны басты санатта тоғызыншы орынға көтерілді.