Әнел Тәшбай мен Аружан Қабдулова тректегі велоспорттан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Тагайтайда (Филиппин) өтіп жатқан Азия чемпионатында отандастарымыз жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді. Әнел мен Аружан жасөспірімдер арасында өткен мэдисон жарысында топ жарды. Екінші орынды Өзбекстан, үшінші орынды Тайбэй иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін Әнел Тәшбай, Аружан Қабдулова, Виталина Хоружая, Әлия Букаева және Әйгерім Смайлқанова жасөспірімдер арасындағы командалық із кесу жарысында алтын медаль жеңіп алған еді.
Жарнама