Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Луценко 39,6 шақырымға жекелей сында бірінші болды.
Бұл жарыста қытайлық Сюэ Мин екінші болды. Үшінші орында Винсент Ван Лау (Гонконг).
Бұл Қазақстан қоржынына түскен бесінші алтын болды. Сонымен қоса, құрама еншісінде тоғыз күміс пен 29 қола жүлде бар.