Қазақстан депутаты Азия пара ойындарында жүлделі болды

©Olympics.com

Қазақстандық велоспортшы Кенжеғұл Сейітжан Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекелей сында 25:19.49 уақытымен мәреге жеткен Кенжеғұл Оңтүстік Корея мен Индонезия өкілдерінен ғана қалып қойды. 

Бұл Пара ойындарда Қазақстан қоржынына түскен 32-ші жүлде және 17-ші қола. Сонымен қоса, елімізде бұл ойындарда бес алтын және он күміс бар. 

Айта кетейік, Кенжеғұл Сейітжан "Қазақстан халық партиясы" атынан VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар