Ханчжоуда Рината Сұлтанова Қазақстан құрамасы қоржынын қола жүлдемен толықтырды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Шосседегі велоспорт сайысының жекелей сынында ол 18,3 шақырымды 25:36.10 уақытымен еңсерді.
Байдарка және каноэде есу сайысында 200 метрге жарысқан Мария Бровкова да қоржынға қола салды.
Бұл Қазақстанның Азия ойындарындағы қырқыншы жүлдесі болды, оның төртеуі алтын, жеті күміс және 29 қола.