"Жұмысты бастаймыз" - Винокуров "Астана" басшылығына оралуы туралы пікір білдірді

Сурет: novostivelosporta.ru©

Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров Vesti.kz тілшісіне "Астана" велокомандасына оралуы туралы пікір білдірді.

Бүгін, 16 тамызда, Винокуров велоклубтың спорттық жетекшісі қызметіне оралғаны белгілі болды. Ол қайтадан велошабандоздар мен қызметкерлердің құрамын жасақтау, сонымен қатар, жобаның спорттық тіршілігіне жетекшілік етеді. 

"Барлығы жақсы. Жұмысты бастаймыз. Біраз уақыт жоғалтсақ та, болашаққа үмітпен және оң ниетпен қараймыз", - деді Винокуров.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар