Евгений Федеров велоспорттан Азия чемпионы атанды

©olympic

Велоспортшы Евгений Федоров Азия чемпионатында Қазақстан құрамасына тағы бір алтын әкелді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер арасында жекелей сында элита санаты бойынша қазақстандық Евгений Федоров топ жарды. Ол 24 шақырымды 28 минут 45,197 секундта бағындырды. 

Екінші орынға жапониялық Нариюки Масуда (+51,548) жайғасса, өзбекстандық спортшысы Мураджан Халмұратов  (+1:13.094) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетерлігі, велоспорттан Азия чемпионаты Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өтіп жатыр.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар