Допинг қолданғанын ашық айтқан "Астананың" экс мүшесі көз жұмды

©Әлеуметтік желіден

"Астана" велокомандасының бұрынғы мүшесі Лиуве Вестра 40 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Wielerflits.

Нидерландиялық спортшы сенбі, 14 қаңтарда Звагдейк-Вест елді мекеніндегі өз компаниясының аумағында көз жұмған. Оқиға орнына келген дәрігерлер шарасыз болыпты. Өлім себебі әзірге айтылмады. 

Вестра карьерасын 2017 жылы аяқтаған болатын. "Астанадан" бөлек ол Krolstone және Vacansoleil командалары үшін өнер көрсеткен. 2018 жылы Лиуве допинг қолданғаннын мойындап, кәсіпқой карьерасы кезінде тыйым салынған кортизон препаратын терапиялық мақсатта деген жалған сылтаумен пайдаланғанын айтты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар