"Джиро д'Италия" қатысушысы екінші рет коронавирус жұқтырып алды

Фернандо Гавирия. Сурет: Velodaily.ru ©
UAE Team Emirates командасының велоспортшысы Фернандо Гавирия екінші рет коронавирус жұқтырып алды,- деп хабарлайды "Р-Спорт" порталы. 

Сейсенбі күні Халықаралық велоспортшылар одағы "Джиро д'Италия" турниріне қатысып жатқан UAE Team Emirates командасының бір спортшысы вирус жұқтырып алғанын хабарлаған еді. 

"Фернандо Гавирия "Джиро д'Италия" турнирінің 16 кезеңіне қатыспайды. Ол COVID-19 жұқтырып алды. Ал қалған велоспортшылар мен команда мүшелерінің тесттерінен ешқандай вирус шықпады. Олар бүгін тағы қосымша тест тапсырады. Гавирия болса командадан бірден оқшауланды. Оның ауруы ешқандай симптомсыз өтіп жатыр. Колумбиялық спортшы осымен екінші рет вирус жұқтырып алды. Бұған дейін ол наурыз айында жұқтырған болатын", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, ақпан айының соңына командалардың бірінші екі спортшының вирус жұқтырып алғанына байланысты "БАӘ туры" өтпей қалған еді. Сол турнирге қатысу керек болған Гавирия оқшауланып, кейін вирус жұқтырғаны анықталды. Ал наурыз айының соңында ол емделіп шыққанын айтты. 

Еске салайық, "Джирод'Италия" көпкүндік сайысына қазақстандық "Астана" командасы қатысып жатыр. 

Метки:
Жаңалықтар