"Қуанышымда шек жоқ, осы мәселеде сот жалғыз әділ шешімді шығарды. Тек алға қадам басамыз, жарқын болашаққа! Биыл сәтті маусымды өткіздік, алайда әлі алда талай жұмыс пен жоспар бар! Босаңсымаймыз!", - деп жазды Винокуров Instagram желісіндегі парақшасында.
Велоспорттан Олимпиада чемпионы қазақстандық спортшыға және ресейлік Александр Колобневқа алты жыл бас бостандығынан айырылу қаупі болған еді.
Бельгия прокуратурасы Винокуровты 2010 жылы Льеж - Бастонь - Льеж классикалық жарысында финиште қарсыласы берілуі үшін Колобневқа 150 мың еуро берді деген айып тағылған. Тергеу шаралары бірнеше жылға созылды. Күдіктілердің екеуі де өздеріне тағылған айыппен келіспей, ондай мүлде болмағанын алға тартты.
Осылайша Бельгия соты Винокуров пен Колобневті дәйектердің болмауына байланысты ақтады.