"Астана" велокомандасы "Джиро д'Италия-2018" көпкүндігінде қалай күміс жүлдеге ілікті?
Bettiniphoto©
Президенттік клубтың қатарына кіретін "Астана" велокомандасы Гранд-турлардың бірі - "Джиро д'Италия" көпкүндігін сәтті аяқтады. Тұғырдың биік сатысына елордалық клубтың шабандоздары соңғы турда көтеріле алды. Осы орайда Vesti.kz порталы велобәйгенің ең қызықты оқиғаларын назарларыңызға ұсынып отыр.
Маусымның соңғы гранд-турында елордалық команда үздіктердің қатарынан баға алды. Дегенмен де клуб сапында бір-екі ғана көшбасшы болып, қалған велоспортшыларымыз соларға жұмыс істеді. Бірақ сол қалған спортшыларымыз командалық тапсырманы керемет орындап шықты.
Елордалық клуб соңғы жылдардағы әлемде ең үздік клубтардың қатарында болғандықтан "Джиро д'Италия-2018" бәсекесінде де біздің клубтың алдына жоғары тапсырмалар қойылды. Капитан ретінде колумбиялық Мигель Анхель Лопес таңдалды. Дәл осы капитанға қалған шабандоздарымыз жұмыс істеді. Олардың қатарында қазақстандық Андрей Зейц пен Алексей Луценко, чех Ян Хирт, эстониялық Танел Кангерт, италиялық Давиде Виллелла және екі бірдей испаниялық Пельо Бильбао мен Леон Санчес болды.
Еңбек еш кетпеді
Командалық керемет жұмыстың арқасында "Астана" капитаны "Джироның" жалпы есебінде үшінші орынға табан тіреді. Одан бөлек, жарыс соңына дейін Лопес ең жас спортшылар арасындағы көшбасшылықты уысынан жібермеді. Римге колумбиялық шабандоз ақ жейдемен келді. Ал командалық есепте біздің ұжым екінші орынға жайғасты. Біздің алдымызға британдық Sky командасы ғана.
Бас жүлде үшін бәсеке қалай өрбіді?
Дүбірлі доданың бірінші күнінен-ақ "Астана" жоғары орындарға таласты бастады. Ұзақ уақыт бойы Бильбао бесінші сатыда келе жатқан. Ал Мигел Лопес болса алтыншы кезеңнен бастап ашыла бастады. Ол кезде Лопес мәре сызығын алтыншы болып кесті.
Кейіннен Бильбао мен Лопес жалпы есептегі көшбасшылық үшін таласты бастады. Айтпақшы, Лопес тек ғана "Джиродағы" ерекше жігерімен емес, оқыс оқиғамен де көпшіліктің есінде қалды. Колумбиялық спортшы кезеңдердің бірінде велосипедін басқара алмай, бұталардың ортасына құлап кетті. Абырой болғанда шабандоз жарақат алмай, бәсекені ары қарай жалғастырды.
Жалпы 24 жастағы колумбиялық спортшы командамыздың қаһарманы атанды. Оның әсіресе есте қалатын сәті 19 кезең болды. Бұл уақытта ол ең жас спортшыға берілетін ақ жейдені иеленіп тұрған. Бәсеке соңында ол ақ жейдені сақтап, үздіктердің қатарына қосылу үшін жұмыс істеуі керек еді. Бұл тапсырманы ол сәтті орындап шықты.
19 кезеңде колубиялық велошабандоз төртінші болып мәре сызығын кесті. Осы кезеңде ол бірнеше рет шабуылдауға да тырысқан болатын. Бірақ соңғы шақырымдарда ол қарсыластарын қуып жете алмады. Дегенмен де бұл кезеңнің қорытындысы бойынша Лопес үздік үштіктің қатарында жақындай түсті. Дәл осы кезеңді "Астана" шабандозы үшін ең маңызды сәт деп айтуға болады.
19 кезеңнен жігер алған Лопес 20 кезеңді де керемет өткізді. 20 турдың алдында франциялық Тибо Пино біздің велошабандоздан 40 секундқа алда келе жатыр еді. Сондықтан да басты мақсат француз спортшысынан озу болатын.
Сондай-ақ параллельді ақ жейде үшін де талас қыза түскен. Бұл жейдеге эквадорлық Ричард Карапас таласты. 19 турдың қорытындысы бойынша Пино пелатоннан біраз қалып қойған. Сондықтан да бәсеке Карапас пен Лопес арасыда болды. Эквадорлық спортшы соңғы шақырымдарда шабуыл жасауға тырысқан. Бірақ "Астана" шабандозы оған еш мүмкіндік бермеді.
Бірінші орын үшін талас жүргізген британдық Крис Фрум мен голландиялық Том Дюмулен арасындағы таластан бөлек дәл осы Лопес-Карапас арасындағы бәсеке де кезеңнің көркін кіргізді. Соңында Лопес үшінші орынға көтеріліп, ақ жейдені өзінде сақтап қалды. Ал Бильбао болса алтыншы орынға тұрақтады. Бұл да біздің команда үшін жақсы жаңалық болатын.
Ал команданың басқа спортшыларының керемет тактикалық жұмысы ұжымға екінші сатыға жайғасуға мүмкіндік берді.
"Джиро" Қазақстан үшін несімен есте қалды?
Қазақстандық велоспортшы Алексея Луценко Италияда өткен гранд-тур карьерасындағы біріншісі болды. Бұған дейін ол үш рет "Тур де Франс" және екі рет "Вуэльта" бәсекесіне қатысды.

Жарнама