"Астана" велокомандасы атауын өзгертетін болды

Сурет: astanafans.com©

2021 жылы елордалық "Astana Pro Team" командасы атауын "Astana-Premier Tech" деп өзгертетін болды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" баспасөз қызметі хабарлады. 

1-қаңтардан бастап команданың демеушілерінің қатарына канадалық "Premier Tech" компаниясы қосылады. Бұл компания халықаралық нарықта 30 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осыған байланысты "Astana Pro Team" командасы атауын "Astana-Premier Tech" деп өзгертетін болды. 

Келесі жылдан бастап "Самұрық-Қазына" қаржыландыруды 50 пайызға азайтады. Ал алдағы уақытта команданың алдына өзін-өзін қамтамасыз ету деген тапсырма қойылды. Атауы өзгергеніне қарамастан команда UCI әлемдік турында өнер көрсете береді. 

Еске салайық, қыркүйек айында Қазақстан прездиденті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында спорт клубтарын мемлекет тарапынан қаржыландыруды қысқартуды айтқан еді. Осыған байланысты велокоманда бірінші болып шеттен демеуші тауып отыр. 



 

Метки:
Жаңалықтар