"Астана" велокоманадасы көшбасшыларының 2022 жылғы алғашқы турнирлері қайда өтетіні белгілі болды
Астана велокомандасының барлық көшбасшылары 2022 жылғы маусымды Еуропада, Испанияда немесе Португалияда бастайды, деп хабарлайды Vesti.kz команданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана велокомандасының барлық көшбасшылары 2022 жылғы маусымды Еуропада, Испанияда немесе Португалияда бастайды, деп хабарлайды Vesti.kz команданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Алексей Луценко маусымды "ХаЕн Параисо Интериор" және "Вуэльта Андалусия" бір күндік жарыстарынан бастайды. "Омлууп Хет Ньюзблад" және "Париж – Ницца" арқылы Алексей Солтүстік классиктерге дайындалады, ал "Тур де Франс" оның жаңа маусымдағы басты мақсаты болады.
Винченцо Нибали "Вуэльта Валенсия" көпкүндік жарысында Astana Qazaqstan Team командасының жейдесін киеді. "Тиррено-Адриатико", "Милан – Сан Ремо" және "Альпы туры" оның "Джиро д'Италияға" бастар жолы болады. Осыдан кейін ол "Тур де Франсқа" қатысады.
Мигель Ангел Лопес маусымды "ХаЕн Параисо Интериор" және "Вуэлта Андалусиядан" бастап, "Джиро д'Италияға" команданың көшбасшысы ретінде аттанады, содан кейін "Тур де Франста өнер көрсетуі мүмкін.
Джанни Москон маусымды "Вольта Альгарвада" және "Омлууп Хет Ньюзбладта" бастап, "Тиррено – Адриатикодан" кейін Москон тас жолдар мен Арден классиктеріне назар аударады. Москонның жоспарында "Тур де Франсқа" қатысу да бар.
Давид Де Ла Крус жаңа маусымды "Валенсия Вуэльтасында" бастап, содан кейін "БАӘ турында" және "Париж – Ниццада" өнер көрсетеді. "Джиро д'Италия" ол команданың көшбасшысына көмектеседі, ал өзі "Испания Вуэльтасында" көшбасшы рөлінде бағын сынайды.
Жарнама