Велоспорт
31 желтоқсан 2019 14:59
 
"Астана" спортшыларын жаттығу кезінде көлік қағып кетті

  Пікірлер

blog.share

"Астана" спортшыларын жаттығу кезінде көлік қағып кетті Евгений Гидич. © "Астана" велокомандасы

"Астана" велокомандасының қазақстандық спортшылары Евгений Гидич пен Вадим Пронскийді көлік қағып кетті, - деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Оқиға кеше жаттығу кезінде болған. Екі спортшы да ауруханаға жеткізілді.

"Гидич жарақаттан аман, тек қолының еті аздап ісіп кеткен. Пронский - сол жақ тізесін қатты ұрып алған. Сонымен қатар, иегіне бірнеше тігіс салынды. Әбүйір болғанда еш жерлері сынған жоқ және ауыр жарақттанбады", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 2017 жылы сәуірде "Астана" командасының спортшысы Микеле Скарпони Италияда жаттығу кезінде көлік қағып мерт болған. Ал 2016 жылы Олимпиада алдындағы шешуші жаттығулардың бірінде Алексей Луценко көлікке соғылып, Риодағы жарысқа қатыса алмады. 

Жарнама

Живи спортом!