Велоспорт
17 маусым 2019 10:08
 
"Астана" шабандозы Францияда көпкүндік жарыста жеңді

  Пікірлер

blog.share

"Астана" шабандозы Францияда көпкүндік жарыста жеңді Фото: "Астана" велокомандасы

"Астананың" даниялық шабандозы Якоб Фульсанг Франциядағы "Критериум Дофине" көпкүндік жарысын жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

16 маусымда соңғы, сегізінші кезеңде Фульсанг мәре сызығын 16-болып кесті. Ал қазақстандық команда сапында Алексей Луценко үздік нәтиже көрсетті - 8-орын.

Фульсанг 7-кезеңнен кейін жалпы есепте топ бастаған. Ол барлық кезеңді 30 сағат, 44 минут және 27 секундта өтіп шықты. Даниялық шабандоздан EF Education First өкілі америкалық Тиджей ван Гардерен 20 секундқа, Bora-Hansgrohe спортшысы, неміс Эмануэль Бухман 21 секундқа қалып қойды.

"Критериум Дофиненің" жалпы есебінде Луценко 7-орын алды. Ол Фульсангтан 1 минут, 12 секундқа артта қалды.

Жарнама

Живи спортом!