"Астана" капитаны "Джиро д'Италия" тоғызыншы кезеңінде бірінші үштікте келді
Astana-Premier Tech велокомандасының капитаны Александр Власов "Джиро д’Италия" маусымындағы бірінші Гранд-турының тоғызыншы кезеңінде бірінші үштікте келді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Astana-Premier Tech велокомандасының капитаны Александр Власов "Джиро д’Италия" маусымындағы бірінші Гранд-турының тоғызыншы кезеңінде бірінші үштікте келді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл жарыстың жеңімпазы Ineos Grenadiers командасындағы колумбиялық Эган Берналь болды. Кастель ди Сангро мен Кампо Феличе аралығындағы 158 шақырымды ол 4 сағат, 8 минут және 23 секундта өтті. Власов одан жеті секунда кейін келіп, үшінші болды. Ал екінші орында Trek-Segafredo командасындағы италиялық Джулио Чикконе.
Басты классификацияда Берналь көш бастап тұр. Власов үшінші (+21). Екінші Deceuninck-QuickStep командасындағы бельгиялық Ремко Эвенепула (+15).
Жарнама