"Астана" капитаны "Джиро д'Италия" бас классификациясында екінші болды
Astana-Premier Tech велокомандасының капитаны Александр Власов "Джиро д’Италия" бас классификациясында екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Astana-Premier Tech велокомандасының капитаны Александр Власов "Джиро д’Италия" бас классификациясында екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Маусымның бірінші Гранд-туры бір күн үзілістен кейін қайта жалғасты. Спортшылар Перуджи мен Монтальчино аралығындағы 162 шақырымды құрайтын 11-ші кезеңге қатысты.
Бұл жарыста Qhubeka ASSOS командасындағы швейцариялық Мауро Шмидт бірінші болды. Ол бұл қашықтықты төрт сағат, бір минут және 55 секундта өтті. Ал ресейлік Власов үш минут, 32 секундтан кейін 13-ші келді.
Енді бас классификацияда "Астана" капитаны екінші болды. Ол INEOS Grenadiers командасындағы колумбиялық Эган Бернальға ғана есе жіберіп тұр - 45 секунд.
Жарнама