Велоспорт
17 қыркүйек 2020 09:21

"Астана" капитаны беделді "Тур де Франс" көпкүндігінің "корольдік кезеңінде" бірінші келді

Сурет: VeloLIVE.com
Қазақстандық "Астана" командасының капитаны колумбиялық Мигель Анхель Лопес беделді "Тур де Франс" көпкүндігінің "корльдік кезеңінде" бірінші болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Велоспортшылар тобы Гренобль мен Коль де ла Лоз арасындағы қашықтығы 170 шақырымдық 17-ші кезеңді өткерді. Мұнда Лопес 04:49:08 уақыт көрсеткішімен, Jumbo-Visma-дағы Приможа Роглич (+15 секунд) және UAE командасындағы Тадей Погачардан (+30) басып озып, бірінші келді.

Бұл көрсеткіш Лопеске басты іріктеуде үшінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді. "Астана" капитаны жалпы есепте Рогличтен бір минут және 26 секунд қалып келеді. Екінші орында Погачар (+57).