Алматыда дуатлоннан екінші қалалық біріншілік өтті

©

2022 жылғы 15 қазанда Алматы қаласының орталық демалыс саябағындағы велотректе дуатлоннан екінші қалалық чемпионат өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Эстафетада "Elite" және "AGE GROUP" санаттарының командалары өнер көрсетті, онда әрбір қатысушы "Супер Спринт" қашықтығын (1800 метр жүгіру, 6,6 шақырым вело және 900 метрге жүгіру) еңсеруі қажет еді.

"Elite" санатында кәсіби спортшылардың 4 командасы өнер көрсетті: "MY WIN 1", "MY WIN 2", "Almaty Triathlon Federation" және "Almaty Cycling Federation". Қашықтықты 1 сағат 28 минут 9 секундта аяқтап триатлоннан Алматы құрама командасының спортшылары үздік нәтиже көрсетті. Екінші орынды Алматы велосипед спорты федерациясының велошабандоздары жеңіп алды (1:32:19), ал үшінші орынды "MY WIN 2" иеленді (1:34:28).

"AGE GROUP" санатында 8 команда жарысқа түсті. Жеңісті "Universal Bicycle Team" әуесқой велокомандасы жеңіп алды (1:33:38), екінші орынды "World Class Almaty 1" спортшылары иеленді (1:36:40), ал "Uvarov Team" үшінші болды (1:38:03).

Алматы қаласының жаттықтырушылары арасында жеке есепте 16 секундтық айырмашылықпен жеңіске жеткен Никита Федотовских (World Class Almaty) үздік нәтиже көрсетті. Одан кейін Антон Портнягин (My Win) және Евгений Сладков (Sundaybike) болды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар