auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Алматыда 17 жастағы велоспортшы Дана Ахметова қайтыс болды

Алматыда 17 жастағы велоспортшы Дана Ахметова қайтыс болды
Бүгін, 29 маусымда Алматы қаласының жетінші қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде танымал велосипедші Дана Ахметова қайтыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстан велосипед спорты федерациясына сілтеме жасап.

"23 маусымда 17 жастағы спортшы қыз IV Жастар спорт ойындарында есінен танып қалған, содан кейін жедел жәрдем бригадасы оны жансақтау бөліміне жеткізген. Дәрігерлер Дананың жағдайы тым ауыр деп бағалаған. Қыз бала ес жимастан қайтыс болды", - делінген федерацияның ресми сайтында жарияланған хабарламада. 

Сонымен қатар, федерациядағылар Дана Ахметованың Солтүстік Қазақстандағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектепте оқығанын және Қазақстан Республикасының спорт шебері екенін жазған. 2016 жылы Дана Олимпиадаға дайындық орталығының тізімінде болған.

"Дана Ахметова талантты әрі мықты спортшы болатын, ол өзі қатысқан жарыстарда жеңіске деген үлкен ерік-жігерін көрсете білді. Маусым басталысымен ол бірнеше медальға ие болды. Қазақстан велосипед спорты федерациясы Дана Ахметованың жақындары мен туыстарына көңіл айтады және қайғыға ортақ екенін жеткізеді. Бұл орны толмас қаза. Біз сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз", - делінген хабарламада.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар