"Алматы турында" жеңгеніме бақыттымын. Бұл жарыс командам үшін өте маңызды - Фульсанг
Якоб Фульсан. Vesti.kz. Владимир Дмитриев ©
"Астананың" дат велошабандозы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Якоб Фульсанг "Алматы турының" екінші кезеңіндегі жеңісіне қатысты пікір білдіре отырып, жарыстың өте жоғары деңгейде өткенін әрі қиын болғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
- Жарыс өзім үшін тамаша өтті, команда үшін де сәтті болды, - деп бастады сөзін Фульсанг. - "Астана" бүгін өте мықты болды. Кезеңде мен жеңіске жететін жоспар құрдық, қолымыздан келді. Жарақатымнан кейін жақсы күйде оралу үшін көп жұмыс істедім. Таулы жерде жеңгеніме қуаныштымын. Маусым аяқталғанша жарыстарды жоғары деңгейде өткіземін деген үміттемін.
- Бірінші кезең барысында жанкүйерлер Якоб қайда деп сұрап жатты. Себебі сен бірінші кезеңді жаттығу ретінде, топтың ортасында жүріп өттің. Күшіңді тауға сақтадың ба?
- Кеше ауыр күн болды. Ешкімге де оңай болмады. Бірақ, әрине, тауда мүмкіндігімді көрсету - маған жақсы. Бірінші кезеңде де команда мықты болды, озғанда жақсы жұмыс істеді. Мен болсам пелотонда болуға тырыстым, себебі күшімді бүгінге сақтадым. Бұл үздік шешім болды. Бірінші кезеңдегі жол біреуге оңай көрінген шығар, бірақ олай емес.
- Алда Италиядағы "Милан - Турин" және "Ломбардия", одан кейін "Қытай туры" жарыстарына қатысасың. Алматы тауларында күшіңді тексеріп көргеннен кейін сол жақта жеңіске жетемін деп ойлайсың ба?
- "Алматы турында" жеңіске жеткеніме өте бақыттымын. Бұл жарыс командам үшін өте маңызды, себебі ол Қазақстанда өтіп жатыр. "Алматы турында" екінші таулық кезең пайда болғаны жақсы деп ойлаймын, себебі табиғаты өте әсем. Қалған жарыстарға келсек, көре жатармыз. Жақсы күйде екеніме көңілім толып отыр.
- Қарсыластар жайлы не ойлайсың?
- Қарсыластар мықты болды, жарыс - шын мәнінде ауыр. Қазақстан ұлттық құрамасының жігіттер мықты екенін көрсетті, біздің жігіттер жақсы жұмыс істеп, жарысты бақылап отырды, бұл оңайға соқпады. "Алматы туры" деңгейі өте жоғары деп ойлаймын.
Фульсанг пен Луценконың жеңісі. "Алматы туры-2017" велододасының мәресі Медеуге орналасқан екінші кезеңінен ең әсерлі суреттер.
Еске салайық, "Астана" командасының дат велошабандозы Якоб Фульсанг "Алматы туры - 2017" қоскүндік екінші кезеңінде жеңіске жетті, ал таяуда бірінші кезеңде топ жарған команда капитаны Алексей Луценко бас классификация жеңімпазы атанды.

Жарнама