Алексей Луценко "Тур де Франс" көпкүндігінде бір саты жоғарылады

сурет: getty images

"Тур де Франс" көпкүндігінің он бірінші кезеңінде қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко сегізінші орыннан көрінді, деп хабарлайды Vesti.kz. Astana Premier Tech баспасөз қызметіне берген сұхбатында велошабандоз жарыстың кезекті кезеңіндегі әсерін бөлісті. 

"Бұл өте қиын кезең болды. Жалпы есеп үшін күрес туралы ойлана отырып, мен Погачардың алдында мейілінше ұзағырақ болуға тырыстым. Және бұл менің қолымнан келді деп ойлаймын. МОН-Ванту шыңында Келлерманмен бірге біраз артта қалдым, содан кейін бірден төмен қарай із кесуді жалғастырдым. Осы кезеңде сегізінші орыннан көрінгеніме қуаныштымын, сонымен қатар, жалпы есепте бір сатыға жоғарыладым. Әрине, мұнымен біздің көпкүндік аяқталған жоқ. Бізді алда бұдан да тартысты әрі қауіпке толы кезеңдер күтіп тұр. Десе де, бүгінгі нәтижеме көңілім толады", – деді Алексей Луценко.

Метки:
Жаңалықтар