Велоспорт
19 шілде 2021 08:49

Алексей Луценко "Тур де Франс" көпкүндігін жетінші орында аяқтады

сурет: astanapremiertech

"Тур де Франс" велокөпкүндігі өз мәресіне жетті. Отандасымыз Алексей Луценко жалпы есепте жетінші орынды иеленді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Көпкүндіктің соңғы 21-кезеңінде жалпы есептегі спортшылар нәтижесінде айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Қатысушылар Парижге дейін 108,4 шақырымды жүріп өтіп, Jumbo - Visma өкілі Вут Ван Арт жеңімпаз атанды. Ал жалпы есепте UAE Team Emirates командасының көшбасшысы Тадей Погачар жеңіс тұғырына көтерілді. 

Қазақстандық Алексей Луценко соңғы 16 жыл ішіндегі нәтижені жақсартып, жетінші орын иеленді. Осылайша Луценко "Астана" сапында ең үздік нәтиже тіркеп отыр. Салыстырмалы түрде Йон Исагирре 26, Якоб Фульсанг 38-орындарға жайғасты. 

Еске салайық, Алексей Луценко Токио Олимпиадасында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімінде бар.