Александр Винокуров "Астана" басшылығына оралды

Александр Винокуров. Сурет: astanapremiertech.com©

"Астана" велокомандасының 2022 жылғы әлемдік турнирге қатысатыны нақты белгілі болды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Қазақстандық серіктестер жобаны алдағы жылы да акционер және бас демеуші ретінде қолдауды жалғастыратынын растады. 

Александр Винокуров 2022 жылы команданың спорттық жетекшісі қызметіне оралады және велошабандоздар және қызметкерлер құрамын жасақтауды, жобаның барлық спорттық қызметін жүзеге асырады. 

Қазір клуб әлемдік велоспорттағы 17 маусымына дайындық үстінде және жақын арада келісімшарттарды созу мен жаңа велошабандоздарды қатарға қосуға байланысты хабарландырулар жариялайды.  

Естеріңізге сала кетейік, маусым айында Александр Винокуров "Тур де Франсқа" бірнеше күн қалғанда жұмыстан шыққаны туралы ақпарат тараған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар