24 жастағы қазақ спортшы Америкада қаза болды

Димаш Ұлысбаев ортада

Қазақстандық велосипедші Дінмұхамед Ұлысбаев 24 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан велоспорт федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Дінмұхамед Ұлысбаев былтыр күзде спорттан біржола кетіп, құрама сапынан шыққан. Ол виза жасатып, АҚШ-қа өз жұмыстарымен барған. 

"Әрі қарай не болғанын білмейміз. Спорт бойынша кетсе, біз анықтар едік. Өйткені ол жақтағы полиция тек әке-шешесіне хабар береді", - деп хабарлады Қазақстан велоспорт федерациясының баспасөз қызметі Massaget.kz тілшісіне.

Дінмұхамед Ұлысбаев тасжолдағы велоспорт бойынша Азия чемпионатын жеңді, Әлем кубогі кезеңдерінің жеңімпазы атанды, сондай-ақ бірнеше мәрте ҚР Ұлттық чемпионатының медальдарын жеңіп алды.

Қазақстанның велосипед спорты федерациясы Дінмұхамед Ұлысбаевтың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар