Керлинг
Бүгін 21:15

Керлингтен іріктеу турнирінде Қазақстан екінші жеңісіне жетті

©ҚР ҰОК

Қазақстанның ерлер құрамасы Абердинде (Шотландия) өтіп жатқан керлингтен іріктеу турнирінде өнер көрсетуін жалғастырып жатыр.

Отандастарымыз Аустрияны 7:4 есебімен ұтты.

Топтық кезеңдегі төртінші матчта Қазақстан құрамасы Норвегиямен кездесіп, қарсыласына 1:6 есебімен есе жіберді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы төрт матчтың екеуінде жеңіске жетіп, екеуінде ұтылып қалды. Қазіргі уақытта біздің команда А тобында бесінші орында тұр.

Төрт кездесудің барлығында жеңіске жеткен Норвегия мен Түркия көш бастап келеді.

Бүгін, 10 қарашада, Қазақстан Мексикамен кездеседі.

Еске сала кетейік, турнир қорытындысы бойынша үздік алты құрама 2027 жылғы әлем чемпионатына жолдама алады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport