Қазақстан кубогі
20 сәуір 2017 21:33
 

Осы жеңістен кейін бізде бәрі басқаша болады деп сенемін - Алтынбек Сапаров

  Пікірлер

blog.share

Осы жеңістен кейін бізде бәрі басқаша болады деп сенемін - Алтынбек Сапаров "Атырау" ФК ресми сайтынан

"Атырау" футбол клубының тәрбиеленушісі, тірек жартылай қорғаушы Алтынбек Сапаров клубтың баспасөз қызметіне берген қысқаша сұхбатында Қазақстан Республикасы Кубогының 1/8 финалы аясында "Қыранға" қарсы өткізген жеңісті матч (1:2) жайлы өз әсерлерімен бөлісті.

- Осы маусымдағы бірінші жеңісімізге жеттік. Қолдау білдіргендерге көп рақмет! Өздеріңіз білесіздер, осыған дейін алты ойын бойы жеңіс дәмін сезбей келген едік.

Осы жеңістен кейін бізде бәрі басқаша болады деп сенемін. Себебі, жаңа бапкер келіп жатыр. Өз басым мықты маман деп есептеймін. Алдағы уақытта не болатынын көре жатармыз. "Таразға»" қарсы келесі матчқа тыңғылықты дайындықпен шығамыз деп ойлаймын.

Бүгінгі ойын бізге оңайға соққан жоқ. Сенімдірек жеңіске қол жеткізуге не жетіспеді дейсіз бе? Оңтүстіктің ауа райы ыстық, ол түсінікті. Оның үстіне, өзім де бұл матчқа дейін, жарақатыма байланысты үш ойынға қатыса алмаған едім. Әрине, Бірінші Лига командаларымен ойнау әркез қиынға соғады. Өйткені, олар да өздерін көрсетуге тырысады. Бұдан бөлек, жаңа бапкермен біз тек үш күн ғана жаттығып үлгердік, сол себепті белгілі бір дәрежеде түсіністікке әлі жетпеген шығармыз. Көбірек жаттығу керек. Бұйырса, бәрі жақсы болады.

Тағы да бізге сеніп, қолдау білдірген жанкүйерлерге рақмет айтамын", - деді Алтынбек.

blog.share
"Атырау" футбол клубының тәрбиеленушісі, тірек жартылай қорғаушы
Алтынбек Сапаров клубтың баспасөз қызметіне берген қысқаша сұхбатында Қазақстан Республикасы Кубогының 1/8 финалы аясында "Қыранға" қарсы өткізген жеңісті матч (1:2) жайлы өз әсерлерімен бөлісті.

- Осы маусымдағы бірінші жеңісімізге жеттік. Қолдау білдіргендерге көп рақмет! Өздеріңіз білесіздер, осыған дейін алты ойын бойы жеңіс дәмін сезбей келген едік.

Осы жеңістен кейін бізде бәрі басқаша болады деп сенемін. Себебі, жаңа бапкер келіп жатыр. Өз басым мықты маман деп есептеймін. Алдағы уақытта не болатынын көре жатармыз. "Таразға»" қарсы келесі матчқа тыңғылықты дайындықпен шығамыз деп ойлаймын.

Бүгінгі ойын бізге оңайға соққан жоқ. Сенімдірек жеңіске қол жеткізуге не жетіспеді дейсіз бе? Оңтүстіктің ауа райы ыстық, ол түсінікті. Оның үстіне, өзім де бұл матчқа дейін, жарақатыма байланысты үш ойынға қатыса алмаған едім. Әрине, Бірінші Лига командаларымен ойнау әркез қиынға соғады. Өйткені, олар да өздерін көрсетуге тырысады. Бұдан бөлек, жаңа бапкермен біз тек үш күн ғана жаттығып үлгердік, сол себепті белгілі бір дәрежеде түсіністікке әлі жетпеген шығармыз. Көбірек жаттығу керек. Бұйырса, бәрі жақсы болады.

Тағы да бізге сеніп, қолдау білдірген жанкүйерлерге рақмет айтамын", - деді Алтынбек.

Жарнама

Живи спортом!