"Қайрат" Қазақстан Суперкубогінің қола жүлдегері атанды

Сурет: ҚКФЛ

Алматылық "Қайрат" командасы Қазақстан Суперкубогінің үшінші орын үшін өткен ойынында "Шахтер" командасын жеңді,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Түркістан қаласында өткен ойын 2:1 есебімен алматылықтардың пайдасына аяқталды. 

Бұл ойынға екі команда да қосалқы құрамын шығарды. Бірақ бұған қарамастан ойын өте жоғарғы деңгейде өтті. 

Кездесудегі есепті қарағандылық команда ашты. 51-минутта Жан Әли Пайруз көзге түсті.

Осыдан кейін Алексей Шпилевский Раде Дугалич пен Вагнер Лавты шығарды. Сөйтіп "Қайрат" кездесудің 63-минутында тарасыз басын теңестірді. Беларусь қорғаушысы Денис Поляков айып алаңындағы допқа бірінші жетіп, гол соқты. 

Содан кейін екі команданың да гол соғатын мүмкіндіктері болған еді. Алайда "Шахтер" командасы өз мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, "Қайрат" легоинерлері жеңісті жұлып алып берді. 88-минутта Вагнер Лав қарсыластың үш қорғаушысының ортасынан керемет пас берді. Бұл пасты Штрели Мамба іліп алып кетіп, командасының екінші голын соқты. 

Еске салайық, Суперкубоктің жартылай финалында "Шахтер" командасы "Астанадан" 0:2 есебімен жеңілсе, "Қайрат" қостанайлық "Тобылдан" (3:3, 2:4) ұтылып қалды. Финал 6-наурыз күні өтеді. 

 

 

 

 

Метки:
Жаңалықтар
8 маусым 2023, 13:35
Қазақстан кубогі
Қазақстан кубогінің 1/2 финал жұптары анықталды
31 қазан 2022, 15:39
Қазақстан кубогі
Қазақстан Кубогінің финалы өтетін жер белгілі