Қазақстан кубогі
20 сәуір 2017 14:03
 
"Ақтөбе" клубының өкілдері жанкүйерлерінің жаппай төбелесіне байланысты түсініктеме берді

  Пікірлер

blog.share

"Ақтөбе" футбол клубының баспасөз қызметі Vesti.kz тілшісіне Орал қаласындағы "Ақжайық" жанкүйерлерімен болған төбелес жайында айтып берді.

- "Ақтөбе" футбол клубымен бірге ұйымдасқан түрде жанкүйерлер отырған екі автобус жолға шықты. Бізбен бірге шыққан жанкүйерлер төбелескен жоқ. Біз агрессия танытуға қарсымыз, бұл жанкүйерлердің өзге бір тұрі, өзінше бір мәдениет екенін түсіну керек", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

- Ал жанкүйерлердің төбелеске қатысқаны анықталса, оларға қатысты қандай шара қолданылады?

- Қандайда бір шектеулер болады деп айта алмаймын. Жанкүйерлерге алаңға келуге тыйым салғымыз келмейді. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мұндай оқиғалардың алдын алуға тырысамыз.

Еске салайық, "Орал Апталығы" газеті "Ақтөбе" мен "Ақжайық" футбол клубтарының жанкүйерлері жаппай төбелескені туралы жазған болатын. Басылымның жазуы бойынша, "Ақтөбе" клубының бір топ жанкүйері Орал қаласындағы стадионға қатты айқайлап, шу көтерәп келе жатқан. Осы кезде оларға "Ақжайық" жанкүйерлері кезігіп қалып, екі арада төбелес шыққан. Төбелеске нақты қанша адам қатысқаны хабарланбады.

Айта кетейік, "Ақтөбе" мен "Ақжайық" арасындағы кездесудің жеңімпазы ойыннан кейінгі пенальти арқылы анықталды. 11 метрден доп бағыттаудан "Ақтөбе" ойыншылары оралдықтардан асып түсті, есеп - 5:4.

Жарнама

Живи спортом!