auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Алматы марафонында" Олимпиадаға қатысқан спортшы үздік шықты

Жетінші рет жалауын желбіреткен "Алматы марафоны" өз мәресіне жетті.

"Алматы марафонында" Олимпиадаға қатысқан спортшы үздік шықты
Massaget.kz
Жетінші рет жалауын желбіреткен "Алматы марафоны" өз мәресіне жетті. Бүгін өткен спорттық шараға 14 000-нан астам адам қатысты.

Жарысқа тіркеу бірнеше күн бұрын аяқталған. Биыл қатысуға тіркелгендер саны рекордтық көрсеткішке жетті. Сондай-ақ өзге 38 елден қатысуға келгендер бар.

Марафонға қатысушылардың көпшілігі 10 шақырым қашықтыққа тіркелген. Ал марафон қашықтығына (42,195 км) 1000-нан асық адам қатысты.

Биыл марафон жолы өзгерді. Жылда Тұңғыш Президент паркі маңынан басталып, Орталық стадионда аяқталса, биыл сөре мен мәре Жаңа алаңда болды. 42,195 шақырымға жүгіргендер екі айналым жасады.

- Бүгінгі марафонның жаңалықтары көп. Жаңа жол, сөре мен мәренің бір жерде орналасуы. Неге жарыс жолын ауыстырды десеңіздер, Халықаралық марафон және жүгіру спорты қауымдастығы (AIMS) ережесіне сәйкес бізге қайтадан сертификаттаудан өтетін уақыт келді, - деді  Алматы марафоны жарысының директоры Салтанат Қазыбаева.

Биыл "Алматы марафонының" рекорды жаңармады. Былтыр үздік көрсеткішке қол жеткізген Николай Григоров биыл екінші болып келді. Ресейлік марафоншы өткен жылы мәреге 2 сағат 30 минут 09 секундта жүгіріп жеткен еді.



Жетінші рет ұйымдастырылған марафонда қазақстандық спортшы Михаил Красилов үздік шықты. Ол мәреге 2 сағат 33 минутта жетті. Бірер апта бұрын Ганноверде өткен марафонда 2:24:24 уақыт көрсеткішімен 6-орын алған еді.

Үшінші орынды Өзбекстаннан келген марафоншы Ортык Рамазанов иеленді.

Бірінші орын иегеріне 400 000 теңге, екінші орынға - 300 000 теңге, үшінші орынды алған марафоншыға 250 000 теңге табысталды.

- Жарыс жолы оңай болған жоқ. Жоғары нәтиже көрсету үшін  барымды салып дайындалдым. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын, - деді Михаил Красилов.

Осы тұста айта кетейік, Михаил 2016 жылы Қазақстан құрамасы сапында Риодағы Олимпиада ойындарына қатысқан. 2:26:11 сағат уақыт көрсеткішімен 101-орын алған.

Әйелдер арасында Дана Айдосова үздік шықты. Жақында ғана Валенсияда жартылай марафоннан өткен әлем чемпионатына қатысқан спортшы 42,195 шақырымды 3:04 уақыт көрсеткішімен жүгіріп өтті. Екінші болып Анастасия Колмагарова келсе, Аида Естерекова үшінші орынға ие болды.

21 шақырым қашықтықта ерлер арасында Ислам Аманғос 1 орынды жеңіп алды. Сәйкесінше, екінші орынды Ерлан Жанасанов, 3 орынды Руслан Оглов иеленді.

Қыздар арасында бұл қашықтықта Жанна Момыржанова топ жарды. Мәреге екінші болып Айман Радова, үшінші болып Наргиза Лебедева жетті. 

Сондай-ақ  10 шақырым қашықтықта жүгірген марафоншыларға да жүлделер табысталды. Жас қатысушылар 3 шақырымдық қашықтықта бақ сынады.



Биыл экиден (эстафета) жарысына қатысатын командалар саны да артқан. 99 команда қатысты. Бірінші орынды Президенттік полктің "Батыр – 1" командасы жеңіп алды. Екінші орынға "Omron" компаниясының командасы ие болды. Үшінші орынды Президенттік полктің "Батыр-2" командасы иеленді.



Экиден жарысына Effective Media Liaison компаниясынан үш команда қатысты. Massaget.kz, Tengrinews.kz және Vesti.kz сайттарының журналистерінен құралған командалар жарысты сәтті аяқтады.

Айта кетейік, "Алматы марафонынан" түскен қаржы қайырымдылық мақсатта жұмсалады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар