"Зіңк еткізем". UFC жүлдызы Facebook негізін қалаған Цукербергті айқасқа шақырды

20 наурыз 2022 15:01
©mma.express

Жеңіл салмақта өнер көрсететін Пэдди Пимблетт (18-3) Лондонда өткен UFC Fight Night 204 турниріндегі жеңістен кейін кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты. Болашағынан үлкен үміт күттіретін спортшы америкалық медиамагнат және Facebook желісінің негізін қалаушы Марк Цукербергті жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды "Чемпионат".

Лондонда өткен турнирде 27 жастағы Пимблетт мексикалық Родриго Варгасты (12-5) бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді.

"Кіммен айқасқым келеді? Мен демаламын. Бірнеше апта бұрын тіземе ота жасаттым, дегенмен, шықтым да, жылдам жеңіске жеттім. Енді Марк Цукербергпен жұдырықтасқым келеді, зің-зіңк еткізгім келеді. Жыныма тиіп біттің. Мен қайырымдылық қорлары мен менталды проблемалар бар адамдарға ғана көмектесіп жүрсем, аккаунттарымды бұғаттай бересің. Сен - бүкіл әлемде ең бәле іздеп қалған адамсың", - дейді Пимблетт.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: