"Вагнер Лав пен Жо ұнайтын". Исмағұлов футболға деген қызығушылығы жайлы

18 маусым 2022 16:50
©ru.ufc.com

UFC промоушенінде Қазақстан намысын қорғап жүрген Дамир Исмағұлов (23-1) "Матч ТВ" арнасына берген сұхбатында футболға қалай қызыққанын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

19 маусымда Исмағұлов Остинде (Техас, АҚШ) шыққан тегі грузиялық, бүгінде Швецияның жалауын желбіретіп жүрген Гурам Кутателадземен октгонда жолығады. Бұл айқас елорда уақытымен шамамен 05:30 басталады.

- Сіз ММА-ға келмей тұрып футболмен айналыстым деп едіңіз. Қазір футбол көресіз бе?

- Қазір сирек көрем. Бұрын да футбол көргеннен гөрі көп ойнайтынмын. Көрсем Еуропа және әлем чемпионаттарын қарайтынмын. ЦСКА клубына жанкүйер болатынмын. Сол командада ойнайтын Вагнер Лав, Жо сынды футболшылардың ойыны ұнайтын. Қазір арасында Орынбордың командасына жанкүйерлік танытып тұрам. Жуырда олар жоғары дивизионға жолдама алды. Кейде "Зениттің" матчтарын қараймын. Аралас жекпе-жектен кеткен соң футболмен қайта айналысамын. Бұрын жекпе-жек өткізген соң залдағы жаттығудың орнына футбол ойнайтынмын. Қазір олай жасамаймын. Себебі жарақаттарымның барлығы футболдан келген.  

Еске салайық, 38 жастағы Вагнер Лав "Қайрат" сапында 2020-2021 жылдары ойнап, Қазақстан чемпионы атанды. Сонымен қатар, Қазақстан Кубогін иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport