Единоборства
24 қаңтар 2020 09:23

"Ұзақ күттім". Қазақстандық файтер UFC-де жұдырықтасу жайлы мәлімдеме жасады

© Fights.cz
Қазақстандық ММА файтері Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін Лондондағы Fight Night турнирінде өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы спортшының өзі мәлімдеді.


"Алғашқы жекпе-жегімді Лондондағы UFC Fight Night 171 турнирінде өткіземін. Келісімшарқа қол қойдық. Қазір тек қарсыластың жауабын күтіп отырмыз. Ол да қол қойысымен бұл кездесу туралы ресми хабарлап, жарнамалау басталады.

Толыққанды жаттығып жатырмын. Кішігірім жарақаттарымнан жазылдым. UFC-де жекпе-жекке наурызда шығатыныма уәде берген еді. Тамызда келісімшартқа қол қойғаннан бері, ұзақ күттім. 

Қазір денсаулығым жақсы. Ешқайда асықпаймын, тек жаттығуымды жасап жүрмін. Әзірге Көкшетаудамын. Жекпе-жек туралы ресми мәлімдеген соң жаттығу жасайтын орнымды ауыстырамын. Мүмкін Алматыға келетрмін.

Бәрі көңілімнен шығады. Кездесуге жақсы дайындықпен шығамын. Бәрі тамаша", - дейді Шавкат Рахмонов.

Айта кетейік, UFC Fight Night 171 турнирі 21 наурыз күні Лондонда өтеді. "Номад" лақап атымен танымал спортшы өткен жылдың шілдесінде UFC-мен келісімшартқа отырды. Осыған дейін UFC турнирлерінде қазақстандық бірде-бір спортшы жұдырықтаспаған. Шавкат Рахмонов қазақстандық спортшылардың арасынан бірінші болып әлемнің ең беделді ұйымымен келісімшартқа қол қойды.

Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы M-1 Global чемпиондық белбеуін 30 наурыз күні ресейлік Данила Приказамен өткен жекпе-жекте жеңіп алды. Араға үш ай салып Нұр-Сұлтан қаласында өткен аралас жекпе-жек кешінде белбеуін бразилиялық Тьяго Ласердаға қарсы айқаста сәтті қорғады.