Үш аптада екі кездесу. Қуат Хамитов UFC ұйымының бұрынғы спортшысымен жекпе-жек өткізеді

13 тамыз 2021 15:33
©Сурет спортшының әлеуметтік желісінен алынды.

Аралас жекпе-жектен өнер көрсететін Қуат "Найман" Хамитов күзде екі кездесу өткізеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

24 қыркүйек күні Сочи қаласында Хамитов ресейлік Мариф Пираевқа қарсы, ал 16 қазан күні Англияда Sparta Fight Knights лигасында бірінші кездесуін өткізеді. Ол кезде қарсыласы UFC ұйымының бұрынғы спортшысы Крис Фишголд болады. 

"Марифпен (Пираевты айтады - авт.) кездесуден үш аптадан кейін біз Англияда төбелесеміз. Кештің басты жекпе-жегінде мықты қарсыласқа қарсы. Sparta Fight Knights лигасында. Жаңа ереже, жаңа формат", - деп жазды Хамитов Instagram-парақшасында. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: