Единоборства
16 қазан 2019 15:18

"Үреді, бірақ, қаппайды". Екі салмақта UFC чемпионы МакГрегормен жұдырықтасқысы келеді

© newsmma.net
Өте жеңіл және ең жеңіл салмақта UFC чемпионы амеркиалық Генри Сехудо ирландиялық конор МакГрегорды жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды "Чемпионат".


МакГрегор октогонға 2018 жылы Хабиб Нурмагомедовтен жеңілгелі бері шықпады.

"Конор тіл мен жағына ғана сүйенген, үреді, бірақ, қаппайды. Иә, он жыл бұрын мықтыларды жеңген. Бола берсін", - дейді Сехудо ESPN MMA YouTube арнасына берген сұхбатында.

32 жастағы Сехудо МакГрегормен жекпе-жек оған қаржы жағынан да ұтымды екенін мойындады.

"Онымен араздығым жоқ, алайда, жұдырықтасқым келеді. Мен де бай болғым келеді", - дейді ол.

Сехудо UFC-дің салмағына қарамай жасалған үздіктер рейтингінде Джон Джонс пен Нурмагомедовтан кейін тұр.