Единоборства
26 наурыз 13:12
 
89

"Үнемі тоқырап бара жатқандармен шыққан". Қазақстандық спортшы Рахмонов туралы

  Пікірлер

blog.share

"Үнемі тоқырап бара жатқандармен шыққан". Қазақстандық спортшы Рахмонов туралы ©instagram/zhumagulov_zhalgas

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Жалғас Жұмағұлов (17-9) отандасы Шавкат Рахмоновтың (19-0) чемпиондық айқастан бас тартуына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Жалғас Жұмағұлов (17-9) отандасы Шавкат Рахмоновтың (19-0) чемпиондық айқастан бас тартуына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, "Номад" мамыр айында жартылай орта дивизион чемпионы Белал Мухаммадпен (24-3) титул үшін айқасу керек болған. Алайда бұл жекпе-жекке Шавкат жарақат салдарынан шыға алмайтын болды. 

"Шавкатта денсаулығымен мәселе бар шығар. Титулдан кім бас тартсын? Демек, айтарлықтай бірдеңе болды. Оған осы жекпе-жекті ұсынғаны туралы өзі хабарлады ғой", - дейді Жұмағұлов.


Сонымен бірге, Жалғас кейінгі айқас Шавкатқа ауыр тигіненін айта кетті

"Ол (Шавкат) үнемі жасы келген, тоқырап бара жатқан, бірақ, атақты қарсыластармен айқасты. Ал кейінгі жекпе-жекте ол жас жігітпен (Иэн Гэрри) шықты. Ол (Гэрри) жас әрі тәжірибесіз, дегенмен, қандай жекпе-жек болғанын көрдіңіздер ғой. Шавкат тәжірибесі арқасында жеңіске жетті. Бірақ анау мықты қарсылық көрсетті. Мұны бәрі көрді", - деп береді Жұмағұловтың сөзін Cuba Boxing Club YouTube арнасы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!