Умар Нурмагомедов Хабибтің ММА-ден кетуіне қатысты мәлімдеме жасады

12 қаңтар 2023 17:34
©instagram.com/khabib_nurmagomedov

Ресейлік арлалас жекпе-жек шебері Умар Нурмагомедов ағасы Хабиб Нурмагомедов неге ММА индустриясынан кеткенін түсіндірді. 

"Таңқалып отырған жоқпын, біз бұл туралы білдік. Бәрі сол күйде қалады, Дағыстанда жаттыға береміз. Бірақ енді ол саяхаттай бергісі келмейді. Өзіне, отбасы мен анасына көбірек көңіл бөледі. Сапарлай беру оңай емес, міне сол үшін осындай шешімге келді. 

Ол бәрін тастай алмайды, ол бұрынғыдай бізді бақылауда ұстайды. Тек жаттығу лагерлеріне келіп, айлап жүргісі келмейді", - дейді Умар. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport